Шу ауданында Алғыс айту күніне орай игі іс ұйымдастырылды

Шу ауданында Алғыс айту күніне орай игі іс ұйымдастырылды

Алғыс айту күніне орай Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан аумағындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетті. Іс-шара барысында мұқтаж жанұяларға азық-түлік жиынтықтары табысталып, шынайы ықылас пен ізгі тілектер білдірілді. Аталған шара азаматтық жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттарын насихаттауға арналды. Қызметкерлер тарапынан көрсетілген қолдау тұрғындардың тұрмыс жағдайына оң әсерін тигізіп, мереке қарсаңында оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мұндай бастамалар қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.

Жамбыл облысы ТЖД