
Алғыс айту күніне орай Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлеріне Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясының оқушылары құрмет көрсетіп, шынайы алғыстарын білдірді. Іс-шара барысында оқушылар құтқарушылардың адам өмірін қорғаудағы қажырлы еңбегі мен ерлігіне ризашылықтарын жеткізіп, жүрекжарды тілектерін айтты. Балалар өз қолдарымен дайындаған ашықхаттар мен алғыс сөздерін табыстап, құтқарушылардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Құтқарушылар көрсетілген құрмет пен жылы лебіздер үшін ризашылықтарын білдіріп, жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақты батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, құтқарушы мамандығына деген құрметті арттырады.
Жамбыл облысы ТЖД