Жамбыл облысында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай жалпы облыстық сейсмикалық жаттығу өтті

Жамбыл облысында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай жалпы облыстық сейсмикалық жаттығу өтті

1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Жамбыл облысы аумағында ауқымды жалпы облыстық сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – өңір тұрғындарының жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын пысықтау, төтенше жағдай қызметтерінің өзара іс-қимылын жетілдіру және қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Жаттығу барысында «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау мекемелерінде, мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда эвакуациялық шаралар ұйымдастырылды. Дабыл белгісі берілген сәттен бастап мекемелердегі жауапты тұлғалар қызметкерлер мен келушілерді қауіпсіз аймақтарға шығару алгоритмін іс жүзінде көрсетті. Сейсмикалық жаттығу аясында халыққа жадынамалар таратылып, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері түсіндірілді. Мамандар төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, ресми ақпарат көздеріне сүйену қажеттігін атап өтті. Мұндай кешенді жаттығулар өңірдің ықтимал табиғи апаттарға дайындығын арттыруға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД