Жамбыл облысында «Көктем–2026» РКШОЖ аясында су тасқынына қарсы әрекеттер пысықталды

Жамбыл облысында «Көктем–2026» РКШОЖ аясында су тасқынына қарсы әрекеттер пысықталды

«Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының азаматтық қорғау қызметтері су тасқыны қаупі туындаған жағдайда әрекет ету тәртібін пысықтады. Ойламаға сәйкес Шөнгер өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекенді су басу қаупі туындап, тұрғындарды хабардар ету, эвакуациялау және қауіпсіз аймаққа орналастыру шаралары ұйымдастырылды. Құтқарушылар шартты зардап шеккен адамды эвакуациялап, алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмін орындады. Сонымен қатар су айдау жұмыстары жүргізіліп, бөгеттерді нығайту, ауыз су сапасын бақылау және малды қауіпсіз аймаққа көшіру шаралары атқарылды. Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеріп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Жамбыл облысы ТЖД