
Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы №16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері орталық қазандық мекемесінде өрт-тактикалық жаттығу өткізді. Жаттығу барысында шартты өрт сөндіріліп, жедел барлау, су көздеріне қосылу, оқпан беру және адамдарды эвакуациялау әрекеттері пысықталды. Сонымен қатар нысан қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Іс-шара төтенше жағдайлардың алдын алу және жеке құрамның жауынгерлік дайындығын арттыруға бағытталды.
Жамбыл облысы ТЖД