
Жамбыл облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы (РКШОЖ) шеңберінде жедел штабтың жұмысы басталды. Жедел штабтың негізгі мақсаты — ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу, күштер мен құралдардың дайындығын үйлестіру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Штаб құрамына азаматтық қорғау қызметтері, жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер және өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдар енгізілді. Оқу-жаттығу барысында көктемгі су тасқыны кезеңіндегі әрекеттер алгоритмі, жедел ақпарат алмасу, эвакуациялау және халықты қорғау шаралары пысықталуда. Азаматтық қорғау қызметтерінің үйлесімді жұмысы өңірдегі төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД