
Бүгін Жамбыл облысы ТЖД барлық бөлімшелері Республикалық командалық-штабтық «Көктем-2026» оқу-жаттығуы аясында дабыл бойынша көтерілді. Айта кету керек, әрбір бөлімше өз аумағында жиналды. Департамент басшылығы азаматтық қорғау қызметкерлерінің дабыл сөмкелері мен жеке куәліктерін талаптарға сәйкестігіне тексеріп, анықталған кемшіліктерді жедел түрде жою жөнінде тапсырмалар берді. РКШОЖ барысында азаматтық қорғау қызметкерлері мен арнайы техниканың осы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға дайындығы пысықталады.
Жамбыл облысы ТЖД