Талас ауданында ашық есік күні ұйымдастырылды

Талас ауданында ашық есік күні ұйымдастырылды

1 наурыз – Халықаралық азаматтық қорғаныс күніне орай Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Қаратау қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімінде «Әйгерім» балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған ашық есік күнін өткізді. Іс-шара барысында балалар өрт сөндіру техникасымен және арнайы құрал-жабдықтармен танысып, өрт сөндіруші мамандығының маңызы туралы мәлімет алды. Мамандар өрт кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндіріп, 101 және 112 нөмірлеріне қоңырау шалу ережелерін үйретті. Мұндай іс-шаралар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Жамбыл облысы ТЖД