Жеке құрамның психологиялық саулығы – басты назарда!

Жеке құрамның психологиялық саулығы – басты назарда!

Жамбыл облысы ТЖД азаматтық қорғау қызметкерлерімен жеке құрамның психологиялық жай-күйін анықтау мақсатында кешенді психодиагностикалық зерттеу жүргізілуде. Шара барысында қызметкерлердің стресске төзімділігі, мінез ерекшеліктері мен психологиялық тұрақтылығы жан-жақты зерделенуде. Зерттеудің басты бағыты — девиантты мінез-құлық пен суицидтік тәуекелдердің алдын алу. Әр қызметкердің отбасы жағдайына, моральдық-психологиялық көңіл-күйіне және ұжымдағы қарым-қатынасына ерекше назар аударылып, жеке сұхбаттар жүргізілуде. Бұл жұмыстар жеке құрамның кәсіби дайындығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады.

Жамбыл облысы ТЖД