
17–19 ақпан аралығында Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қазақ күресінен ашық турнирі өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен құтқарушылар қатысып, өздерінің спорттық дайындық деңгейін көрсетті. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің намысын қорғаған Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы №10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, аға лейтенант Нұрланұлы Әділжан 90 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды. Бұл жетістік – құтқарушылардың тек төтенше жағдайларда ғана емес, дене дайындығы мен жауынгерлік әзірлігінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері кәсіби шеберлікпен қатар, спорттық рух пен төзімділіктің үлгісін танытып келеді.
Жамбыл облысы ТЖД