Байзақ ауданында тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Байзақ ауданында тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Сенкібай ауылының тұрғындарымен қауіпсіздік тақырыптары бойынша профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында азаматтарға тұрмыста өрт қауіпсіздігін сақтау, жылыту маусымына дайындық, пештер мен жылыту құралдарын дұрыс пайдалану және улы газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар балаларды қараусыз қалдырмау, терезеден құлау оқиғаларының алдын алу және тұрғын үйлерде қауіпсіз орта қалыптастыру жөнінде кеңестер берілді. Мамандар автокөліктегі өрт қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндіріп, төтенше жағдайларда сабыр сақтап, қауіпсіз орынға шығу қажеттігін еске салды.

Жамбыл блысы ТЖД