Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылында алдын алу жұмыстары жалғасуда

Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылында алдын алу жұмыстары жалғасуда

Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Б. Момышұлы ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту маусымында улы газдан уланудың алдын алу, пештер мен жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану, тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық, аула аумақтарын қар мен судан тазарту, арық-атыздарды ашық ұстау қажеттігі айтылды. Мамандар жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін де еске салып, төтенше жағдай туындаған кезде сабыр сақтап, қауіпсіз жерге шығу және құтқару қызметтерінің нұсқауларын орындау керектігін түсіндірді.

Жамбыл облысы ТЖД