
Т. Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде ауданның «Жас құтқарушы» командаларының қатысуымен оқу-жаттығу жиыны өтті. Іс-шара жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Балалар өрт сөндіру бөліміне барып, арнайы экскурсия барысында құтқарушылардың қызметімен танысты. Кездесудің ең қызықты бөлігі тәжірибелік кезең болды. Оқушылар жауынгерлік киімді киіп көріп, уақытқа жарысқа түсті. Жас құтқарушылар киімді жылдам кию және өрт-спорттық элементтерін орындау бойынша бақ сынасып, өрт сөндіру жеңдерін жайып, өздерін нағыз өрт сөндірушідей сезінді.
Жамбыл облысы ТЖД