Т. Рысқұлов ауданында өрт-тактикалық сабақ өтті

Т. Рысқұлов ауданында өрт-тактикалық сабақ өтті

Т. Рысқұлов ауданының мемлекеттік архиві ғимаратында аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – шартты өрт жағдайында жеке құрамның жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру, күштер мен құралдарды тиімді үйлестіру және нысанның ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс шешім қабылдау. Жаттығу барысында өрт орнына жедел жету, адамдарды эвакуациялау, өртті сөндіру тактикасын пысықтау және объект әкімшілігімен өзара іс-қимыл ұйымдастыру әрекеттері пысықталды. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алуға және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД