Тараз қаласында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Тараз қаласында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №20 өрт сөндіру бөлімінің және Шайқорық орта мектебінің қызметкерлерінің қатысуымен өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Жаттығу барысында 2 өрт сөндіру автоцистернасы жұмылдырылып, газ-түтіннен қорғау қызметінің екі буыны құрылды. Шартты өртті сөндіру кезінде 3 қол оқпаны қолданылып, өрт сөндірушілердің көмегімен 2 оқушы қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Іс-шара соңында оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар туралы қысқаша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт-тактикалық сабақ жоспарға сәйкес өткізіліп, қойылған міндеттер толық орындалды

Жамбыл облысы ТЖД