
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, аудан орталығында автокөліктердегі өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің алдын алу және өрт туындаған жағдайда алғашқы іс-қимылдар тәртібі бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жүргізушілерге электр сымдарының жарамдылығын бақылау, жанар-жағармай жүйесін уақтылы тексеру, көлікте өрт сөндіргіштің болуы мен оның жарамдылығын қадағалау қажеттігі түсіндірілді. Газ жабдықтары орнатылған автокөліктерге ерекше көңіл бөлініп, газ жүйесін тексеру, қауіпсіз пайдалану талаптары және ақау анықталған жағдайда көлікті пайдалануға болмайтыны ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД