
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан орталығындағы мекемелерде төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тақырыбында үгіт-насихат сабақтарын өткізді. Іс-шара барысында өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кездегі алғашқы іс-қимылдар тәртібі түсіндірілді. Мамандар эвакуациялау ережелері, қауіпсіз жерге шығу жолдары, дабыл беру тәртібі, алғашқы көмек көрсету және төтенше қызметтерді шақыру алгоритмдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушыларға төтенше жағдай кезінде сабыр сақтаудың маңыздылығы, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және ұжымдық әрекеттің рөлі түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД