Таразда жатақханада өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Таразда жатақханада өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің жатақханасында шартты өрт жағдайы бойынша өрт-тактикалық сабағы өткізілді. Іс-шара сценарийіне сәйкес, екі бөлмеде шартты өрт шығып, түтін басу қаупі туындады. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 40 адам эвакуацияланып, шартты түрде зардап шеккен бір адам өрт аймағынан құтқарылды. Жаттығу барысында өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекет етуі, эвакуациялау алгоритмі, объект әкімшілігімен өзара іс-қимыл және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары пысықталды.

Жамбыл облысы ТЖД