Сарысу ауданында балабақша қызметкерлеріне қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сарысу ауданында балабақша қызметкерлеріне қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Сайн» балабақшасында ұжымға өрт қауіпсіздігі және балалардың терезеден құлау қаупінің алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында өрттің алдын алу шаралары, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялау тәртібі және төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер түсіндірілді. Сондай-ақ балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін қорғаныш торларын орнату, арнайы құлыптар қолдану және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі айтылды. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды. Негізгі мақсат – жазатайым оқиғалардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жамбыл облысы ТЖД