Байзақ ауданында оқушыларға Азаматтық қорғау академиясына түсу мүмкіндіктері таныстырылды

Байзақ ауданында оқушыларға Азаматтық қорғау академиясына түсу мүмкіндіктері таныстырылды

Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Байзақ ауданы білім бөліміне қарасты Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағдар беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы туралы толық ақпарат берілді. Атап айтқанда, оқу орнына қабылдау талаптары, мамандықтар, оқу процесінің ерекшеліктері, курсанттардың әлеуметтік кепілдіктері мен болашақ қызметтің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар төтенше жағдайларда әрекет ету, адамдардың өмірін құтқару және қоғамға қызмет етудің жауапкершілігі туралы айтылды.

Жамбыл облысы ТЖД