
Жуалы ауданы аумағындағы Теріс–Ащыбұлақ су қоймасында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен полиция өкілдері бірлесіп, мұз үстіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында құтқарушылар мен тәртіп сақшылары су айдынында демалып жүрген азаматтарға мұздың қалыңдығын тексермей шығудың қауіптілігі, ауа райының күрт өзгеруі кезінде мұздың беріктігі төмендейтіні және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар тұрғындарға төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 және 101 нөмірлеріне дереу хабарласу керектігі ескертіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.
Жамбыл облысы ТЖД