
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖД мамандары 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы ақпарат ұсынды. Ауа райы жағдайы мен өзендердегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізіліп жатқаны, жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден қар шығару жұмыстарын жалғастырып жатқаны атап өтілді. Жағдай күнделікті бақылауда. Сондай-ақ брифинг барысында жыл сайын 1 наурызда атап өтілетін Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні туралы айтылды. Бұл күн халықтың төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға және қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. 2026 жылдың ұраны: «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару».
Жамбыл облысы ТЖД