
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Сайн» балабақшасының ұжымымен өрт қауіпсіздігі және балалардың терезеден құлау қаупінің алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында өрттің алдын алу ережелері, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, эвакуация жолдары және төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, балалардың терезеден құлауын болдырмау мақсатында қорғаныш торларын орнату, терезе тұтқаларына арнайы құлыптар қою және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі түсіндірілді. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, балабақша қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарына нақты мысалдар арқылы жауап алды.
Жамбыл облысы ТЖД