
Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету мақсатында Мойынқұм ауданындағы Шу өзенінің су тасқыны қаупі бар учаскесінде маусымдық гидрологиялық бекет орнату жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің, «Қазгидромет» РМК Жамбыл филиалы мамандарының және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қатысуымен жүзеге асырылды.
Орнатылған гидробекет су деңгейін тұрақты бақылауға, қауіпті өзгерістерді дер кезінде анықтауға және елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Жамбыл облысы ТЖД