ТЖМ құтқарушылары қалың қардың салдарын жоюда

ТЖМ құтқарушылары қалың қардың салдарын жоюда

Тараз қаласында және облыстың бірқатар елді мекендерінде қардың жиналуына байланысты жеке тұрғын үйлердің шатырлары мен кіреберіс қалқандарының майысу жағдайлары тіркелді. Майысқан конструкциялар тұрғындардың үйден шығуына кедергі келтіріп, қауіп төндірді.  ТЖД бөлімшелері азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етті. Өткен кезеңде құтқарушылар осындай шақыртуларға 30-дан астам рет шықты. Көп жағдайда гидравликалық авариялық-құтқару құралдарының көмегімен зақымданған металл конструкциялар керіліп, бөлшектеліп, тұрғындардың қауіпсіз шығуына мүмкіндік жасалды.  Жекелеген жағдайларда деформацияның көлемі айтарлықтай болып, салдарын толық жою үшін коммуналдық қызметтердің ауыр арнайы техникасын тарту қажет болды. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Жамбыл облысы ТЖД