Жамбыл облысының Жуалы ауданында ТЖД бөлімшелері қар құрсауында қалған жедел медициналық жәрдем бригадасына көмек көрсету үшін жолға шықты. Шақырту орнына дейін шамамен 25 шақырым қалған кезде, Қызыл-Арық ауылының маңында жедел жәрдем көлігі қарға батып қалды. Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, медицина қызметкерін науқасқа жеткізді. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында медицина қызметкерлері қызметтік міндеттерін уақытылы жалғастыра алды. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
Жамбыл облысы ТЖД