Талас ауданында балабақшада өрт қауіпсіздігі бойынша оқу сабағы өткізілді

Талас ауданында балабақшада өрт қауіпсіздігі бойынша оқу сабағы өткізілді

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері “Анжелика” балабақшасының тәрбиеленушілері мен ұжымына өрт кезіндегі алғашқы іс-қимылдар бойынша оқу сабағын өткізді. Сабақ барысында өрт қауіпсіздігі тақырыбында эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі, тиісті қызметтерге хабарлау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары түсіндірілді.

Жамбыл облысы ТЖД