Тараз қаласындағы балабақшада өрт қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізілді

Тараз қаласындағы  балабақшада өрт қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізілді

Жамбыл облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының қызметкерлері Тараз қаласындағы №20 балабақшада өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқыту сабағын өткізді. Іс-шара барысында мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндіріліп, төтенше жағдайлар мен өрт туындаған кезде тәрбиешілердің, техникалық қызметкерлердің және әкімшілік құрамның іс-қимыл алгоритмдері баяндалды. Сабақ барысында балаларды эвакуациялау тәртібі, жедел қызметтерді дер кезінде хабардар ету және өрт дабылы іске қосылған кездегі іс-әрекеттерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, алғашқы өрт сөндіру құралдарын, оның ішінде өрт сөндіргішті пайдалану ережелері көрсетіліп, оны қолдану кезіндегі әрекеттердің реттілігі түсіндірілді

Жамбыл облысы ТЖД