Қордай ауданында өрт қауіпсіздігі және су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланды

Қордай ауданында өрт қауіпсіздігі және су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланды

Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Amanat» партиясының мүшелерімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі және су тасқыны қаупі бар учаскелер тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ су басу қаупі бар аймақтардағы тәуекелдерді азайту шаралары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, төтенше жағдай туындаған кезде халықтың іс-әрекет ету алгоритмі, эвакуация тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша аудан аумағында профилактикалық жұмыстарды күшейту, халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру және тәуекел аймақтарына тұрақты мониторинг жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар қабылданды.

Жамбыл облысы ТЖД