Талас ауданында оқушыларға арналған профилактикалық түсіндіру сабағы өткізілді

Талас ауданында оқушыларға арналған профилактикалық түсіндіру сабағы өткізілді

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Үшарал ауылында орналасқан Ә. Сағынтаев атындағы орта мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне арналған профилактикалық түсіндіру сабағын өткізді. Сабақ барысында өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі мен су тасқыны сияқты табиғи апаттар кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау тәртібі, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары нақты мысалдар арқылы жеткізілді.

Жамбыл облысы ТЖД