
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Кеңес ауылы мен Меркі ауылдық округінде орналасқан тұрғын үйлерде жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға қыс мезгілінде пештерді, электр жылытқыштарын және газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді. Мамандар жылу көздерін дұрыс қолданбау өрт қаупін арттыратынын ескертіп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Аталған жұмыстар тұрғындардың өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД