
Тараз қаласындағы Халық Қаһарманы М.Айманов атындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде №17 бөбекжай-балабақша тәрбиеленушілері үшін ашық есік күні өтті. Балалар өрт сөндіру техникасымен танысып, өрт сөндіру бөлімі мен мұражайды аралап, нағыз өрт сөндірушілердің қалай жұмыс істейтінін білді. Құтқарушылар балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін қарапайым әрі қызықты түрде түсіндіріп, оларды сақтаудың маңыздылығын еске салды. Кездесу соңында кішкентай қонақтарды тәтті сыйлықтар мен жарқын әсерлер күтіп, бұл күн олардың жадында ерекше әрі қуанышты сәттермен қалды. Мұндай іс-шаралар балалардың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, құтқарушыларға деген сенімді арттыруға ықпал етеді.
Жамбыл облысы ТЖД