Байзақ ауданында профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Байзақ ауданында профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Байзақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Полиция бөлімі, ҚазТрансГазАймақ, аудандық ЖЭС және Көктал ауылдық округі әкімдігі мамандарымен бірлесіп Көктал ауылы тұрғындары арасында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі, жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтау, улы газдан уланудың алдын алу, балаларды қараусыз қалдырмау, балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі және жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет тәртібі түсіндірілді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі екені атап өтілді.

Жамбыл облысы ТЖД