
Шу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарымен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, улы газдан уланудың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту маусымында пештерді, электр және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, улы газдан уланудың алдын алу және балаларды қараусыз қалдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметкерлер төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі кепілі екенін атап өтті.
Жамбыл облысы ТЖД