Т. Рысқұлов ауданында профилактикалық шаралар өткізілді

Т. Рысқұлов ауданында профилактикалық шаралар өткізілді

Т. Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ауданның газ қызметкерлерімен бірлесіп тұрғындар арасында жылыту маусымыдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық шаралар ұйымдастырды. Рейдтік іс-шаралар барысында мамандар тұрғын үйлерді аралап, пештердің, электр желілерінің және тұрмыстық жылыту құралдарының техникалық жағдайын тексерді. Сонымен қатар, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, жылыту жабдықтарын қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану жөнінде кеңестер берілді. Аудан тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, ақауы бар жабдықтарды дер кезінде жөндеу, мұржаларды тұрақты түрде тазалап отыру қажеттігі ескертілді.

Жамбыл облысы ТЖД