Шу ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шара өтті

Шу ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шара өтті

Шу ауданына қарасты Көктөбе ауылының Жамбыл орта мектебінде «Өзіңді тексеріп – қауіпсіз бол» республикалық акциясы аясында өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің қауіпсіздік бойынша дайындықтарын көрсетіп, күнделікті өмірде сақталуы тиіс қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы баяндады. Сонымен қатар, құтқарушылар өрт туындаған жағдайда орындалуы қажет негізгі қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін еске салды. Шара аясында мектеп ауласында оқушыларға өрт сөндіру автокөлігі таныстырылып, апаттар медицинасы қызметінің жұмыс барысы көрсетілді. Балалар арнайы қорғаныс киімдерін киіп көріп, жедел-құтқару жасағының құрал-жабдықтарымен жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды.

Жамбыл облысы ТЖД