Жамбыл ауданында мектеп оқушыларымен ашық сабақтар өткізілді

Жамбыл ауданында мектеп оқушыларымен ашық сабақтар өткізілді

Жамбыл ауданының №1 орта мектебінде оқушылармен қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында ашық сабақтар өтті. Іс-шара барысында Жамбыл ауданының ТЖБ қызметкерлері оқушылармен профилактикалық түсіндіру әңгімелерін жүргізді. Кездесу кезінде балаларға күнделікті өмірде және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары және жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу тәртібі, қабылдау шарттары және азаматтық қорғау саласындағы мамандықтардың артықшылықтары туралы ақпарат берілді.

Жамбыл облысы ТЖД