
Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Қаратау қаласындағы С. Сейфуллин атындағы орта мектеп оқушыларына су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша интерактивті сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты — көктемгі су тасқыны кезінде дұрыс мінез-құлық қағидаларын, эвакуациялау тәртібін түсіндіру арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру. Іс-шара барысында оқушыларға танымдық бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар мен мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Жамбыл облысы ТЖД