
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Сарысу аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық бағыттағы бірлескен жиналыс өткізілді. Іс-шара барысында қызметтік қызметті атқару кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтау, лудоманияның (құмар ойынға тәуелділіктің) алдын алу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен қарастырылды. Мамандар аталған факторлардың қызметтік тәртіпке, моральдық-психологиялық ахуалға және қоғам қауіпсіздігіне тигізетін кері әсеріне тоқталды. Жиналыс барысында құқықтық жауапкершілік, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сақтау және қызметкерлер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, профилактикалық шаралардың маңыздылығы атап өтілді. Осындай бірлескен профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Жамбыл облысы ТЖД