
Тараз қаласы ТЖБ мәжіліс залында Жамбыл облысы ТЖ департаментінің офицерлерімен және Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының қатысуымен «Өрт немесе өзге де түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік сабақ өтті. Шараны Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының Жедел жәрдем қызметінің медициналық қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жүргізді. Медицина мамандары құтқарушыларға төтенше жағдайлар аймағынан құтқарылған зардап шегушілерге дұрыс бағытта медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін, атап айтқанда апат аумағынан адамды денсаулығына зақым келтірмей дұрыс алып шығу, жасанды тыныс алдыру жаттығулары мен қан тоқтату және т.б. қажетті әдістерді көрсетті. Құтқарушылар да тақырып бойынша сауалдарына тиісті деңгейде жауап алды. Тәжірибе алмасу мақсатындағы мұндай сабақтар алдағы уақытта одан әрі жалғасады.
Жамбыл облысы ТЖД