Сарысу ауданында интерактивті қауіпсіздік сабағы өтті

Сарысу ауданында интерактивті қауіпсіздік сабағы өтті

«Өзіңді тексеріп – қауіпсіз бол!» республикалық акциясы аясында Сарысу ауданы ТЖБ қызметкерлері Ш. Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясында интерактивті сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі, эвакуациялау тәртібі, тұрмыстағы қауіп-қатерлер, мұз үстіндегі және су маңындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дағдылары пысықталды.

Жамбыл облысы ТЖД