
Т. Рысқұлов ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен өрт сөндіру бөлімінің ауласында Луговой трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлерін шақыра отырып, өрттер мен авариялық-құтқару жұмыстарында зардап шеккен адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша теориялық және практикалық сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында жеке құрамға төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету тәртібі түсіндіріліп, тәжірибелік іс-қимылдар пысықталды. Қызметкерлер әртүрлі жарақат алған зардап шеккендерге, атап айтқанда күйік шалу, үсік шалу, суға тұншығу және механикалық жарақаттар кезінде көмек көрсету дағдыларын тәжірибелік түрде шыңдады. Аталған сабақтар өрт сөндірушілердің кәсіби даярлығын арттыруға және төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге уақтылы әрі сапалы көмек көрсетуге бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД