Меркі ауданында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Меркі ауданында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Меркі ауданында автокөліктегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары өткізілді. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері автокөлік жүргізушілері арасында «Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жүргізушілерге автокөліктегі өрттің негізгі себептері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар автокөлікте алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуының маңыздылығына, электр сымдарының жарамды күйде болуына және жанармай жүйесінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

Жамбыл облысы ТЖД