Талас ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысы өтті

Талас ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысы өтті

Талас ауданында аудан әкімінің орынбасарытөрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Отырыста 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық, гидротехникалық және қорғау құрылыстарының жай-күйі, сел, сырғыма және көшкін қауіпсіздігі бойынша Жол картасының орындалуы, елді мекендерде құлақтандыру жүйелерін орнату, «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық, сондай-ақ 2026 жылға арналған өрт сөндіру пункттерін құру жоспары қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелердің өзектілігін ескере отырып, жауапты орындаушыларға хаттамалық тапсырмалар берілді.

Жамбыл облысы ТЖД