
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп су басу қаупі бар учаскелердің жай-күйін зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында қар жамылғысының көлемі, жер бедерінің қату деңгейі, сондай-ақ өзендер мен каналдардың, су өткізу құрылғылары мен көпірлердің жауын-шашын түсуі және қардың қарқынды еруі кезінде суды өткізу мүмкіндіктері мен техникалық жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Аталған жұмыстар су тасқынының алдын алу және қауіпті учаскелерді дер кезінде анықтау мақсатында жүргізілді.
Жамбыл облысы ТЖД