
Жамбыл облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері 2025 жылғы өрт қаупі бар маусымның қорытындылары мен 2026 жылғы маусымға дайындық мәселелеріне арналған жұмыс жиынына қатысты. Жұмыс жиыны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты Жамбыл облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының базасында өтті. Жиын барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл, орман өрттерінің алдын алу, күштер мен құралдардың дайындық деңгейі, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылғы өрт қаупі бар маусымда өрттердің туындау тәуекелдерін төмендетуге бағытталған басым міндеттер айқындалды.
Жамбыл облысы ТЖД