ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘР ҮЙДЕ МАҢЫЗДЫ!

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘР ҮЙДЕ МАҢЫЗДЫ!

Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Шу ауданы ЖЭС және «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі мен улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында пеш пен газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, желдетудің маңыздылығы және улы газдың қауіптілігі түсіндірілді. Улы газ – иіссіз, көзге көрінбейтін, бірақ адам өміріне аса қауіпті. Алдын алу мақсатында тұрғын үйлерге улы газды анықтайтын сигналдық датчиктер орнатылып, олардың жұмыс тәртібі көрсетілді.

Жамбыл облысы ТЖД