
Жамбыл облысының Талас ауданы Қаратау қаласында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық акция өткізілді. Аталған іс-шара Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы, «ҚазақГазАймақ», аудандық полиция бөлімі және аудандық электр желісі қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылды. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, сонымен қатар құтқарушылар тарапынан улы газ датчиктері орнатылды. Әсіресе әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлеріне ерекше назар аударылды, себебі бұл санаттағы азаматтар үшін төтенше жағдайлардың туындау қаупі жоғары. Аталған профилактикалық жұмыстар улы газбен уланудың алдын алуға, жылыту маусымындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және тұрмыстық өрттердің санын азайтуға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД