Маңызды тақырып қамтылды

Маңызды тақырып қамтылды

Бүгін Тараз қаласы ТЖБ мәжіліс залында Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен «Өрт немесе өзге де түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыбында сабақ өткізіліп, аталған шараға қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндіруші-құтқарушылары қатысты. Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Ертай Раимбеков бүгінгі сабақтың маңыздылығына ерекше тоқталып, ТЖ аймағынан құтқарылған адамға дұрыс бағытта медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдері құтқарушылар үшін өте қажетті білімдердің бірі екендігін баса айтты. Сабақ барысында зардап шеккен адамды төтенше жағдай аймағынан көтеріп алып шыққандағы дұрыс ұстау әдістерінен бастап, жасанды тыныс алдыру секілді жаттығулар тәжірибелік тұрғыдан пысықталды. Мұндай бағыттағы жаттығулар құтқарушылар үшін артық болмасы анық.

Жамбыл облысы ТЖД