Талас ауданында автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі бойынша рейд өткізілді

Талас ауданында автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі бойынша рейд өткізілді

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және Талас ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлері бірлесіп қоғамдық тасымал және жеке автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында автокөліктерде алғашқы өрт сөндіру құралдарының, атап айтқанда өрт сөндіргіштердің болуы мен жарамдылығы, сондай-ақ газ қондырғысы орнатылған көлік құралдарының техникалық жағдайына ерекше назар аударылды. Іс-шара жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Жамбыл облысы ТЖД